• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: ШЫҰ-ға Үндістанның мүше болуы бірлесе шешетін мәселелер аясын кеңейтеді

Н.Назарбаев: ШЫҰ-ға Үндістанның мүше болуы бірлесе шешетін мәселелер аясын кеңейтеді

8 Маусым, 2017 18:35
Қазақстан Президенті Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-Министрімен жүздесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен сенімге негізделгенін атап өтті.  

«Үндістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу процесі осыдан 12 жыл бұрын басталды. Ертең Үндістан осы ұйымның толық құқылы мүшесі болады. Үндістан сияқты мықты елдің қатарымызға қосылуы бірлесе шешетін мәселелер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан экономиканың түрлі саласында өзара іс-қимыл жасаудың жүзеге аспаған орасан зор әлеуетіне ие екенін атап өтті.

Үндістанның Премьер-Министрі қонақжайлық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.

«2015 жылы Қазақстанға алғаш рет келгенімде Сіздің Астананы дамыту жөніндегі көзқарасыңыздан, Қазақстанның жалпы экономикалық прогресінен ерекше әсер алдым», – деді Нарендра Моди.  

Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Барлық жаңалықтар