• Басты
  • Жаңалықтар
  • Пәкістанды ШЫҰ-ға мүше ретінде қабылдау үдерісі ертең аяқталады – Н.Назарбаев (ФОТО)

Пәкістанды ШЫҰ-ға мүше ретінде қабылдау үдерісі ертең аяқталады – Н.Назарбаев (ФОТО)

8 Маусым, 2017 18:06
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесті, деп хабарлад Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның Премьер-Министрімен кездесу барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына келгені үшін алғыс айтты.

«Сіздің ЭКСПО-ның ашылуына және ШЫҰ-ның ертеңгі саммитіне қатысуға келгеніңіз үшін ризамын. Пәкістанды ұйымға мүше ретінде қабылдау үдерісі 12 жыл бұрын дәл осы жерде басталған, ертең аяқталады», – деді Қазақстан Президенті.  

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетаралық кооперацияны жолға қоюдың және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.  

Өз кезегінде, Н.Шариф Астананың көркейе түскеніне назар аударып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жаңа астанасын салудағы рөліне тоқталды.

«Сіз Астананың құрылысына қатысты теңдессіз әрі таңғаларлық жұмыс атқардыңыз. Мен Қазақстан астанасындағы өзгерістерге қайран қалып отырмын. Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз осы қаланың және  бүкіл еліңіздің гүлденуіне қол жеткізді», – деді Пәкістанның Премьер-Министрі.

Кездесу соңында екіжақты байланыстардың өзекті мәселелері талқыланды.

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар