- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды
Астанада қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды
Астанада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылыс компаниялары тарапынан дәстүрлі түрде пәтер кілттерін табыстау қайырымдылық акциясы өтті. Шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Кәсіпкерлердің қайырымдылығы болмағанда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар осыншалықты тұрғын үйге қол жеткізе алмас еді. Бұлардың қатарында аз қамтылған отбасылар, ЖКО зардап шегушілері, жүйке жүйесінен зардап шеккендер, жұмыс істеуге қабілетсіз жандар бар. Бұл отбасылардың көпшілігі көпбалалы», - делінген хабарламада.
Түрлі жағдайларға орай аталмыш азаматтар Астана қаласына тіркелгенімен мемлекеттік қор тарапынан үй кезегіне тұрған және көптен бері жаңа қоныс иеленуге дайындалып жүрген жандар. Осы уақыт аралығында олардың өмір сүру жағдайлары төмен дәрежеде болып балалардың денсаулығына қауіп төнген.
Акция аясында 10 құрылыс компаниясы өз беттерімен 11 отбасын таңдап алып, үймен қамтамасыз етті. Атап айтар болсақ олар – «Астанапромстрой-М», «Allur Auto Astana», «СК Құлагер», «АстанаТрейдинтернешнл», «АстанаСервисСтройМонтаж-01», «Алтын ХХI», «Азия», «Астанастройинвест», «Центр КазЭнергоМонтаж», «АльянсстройИнвест».
Аталмыш отбасылар 35-67 шаршы метрлік 1-2 бөлмелі пәтерге ие болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы