- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев Сингапурмен саяси байланыстарды кеңейтуге шақырды
Қ.Тоқаев Сингапурмен саяси байланыстарды кеңейтуге шақырды
Қ. Тоқаев сингапурлық парламентшілерге мемлекет басшылары Н. Назарбаев пен Ли Куан Ю негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы Сингапурдың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуын жоғары бағалады және осы елдің энергияның балама көздерін пайдаланудағы жетістіктерін атап өтті.
Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық және жаңа технологиялар мен инновация саласындағы өзара екіжақты байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЭКСПО негізінде ашылатын Жасыл технологиялар мен «Астана» халықаралық қаржы орталықтарын пайдалануға болады, деп санайды. Қ. Тоқаев сингапурлық инвесторлар үшін Қазақстан нарығы әлеуетінің тартымдылығы арта түскеніне назар аударды. Астана Сингапур мен Еуразия Экономикалық Одағы арасындағы еркін сауда туралы келісімін бекіту жөніндегі келіссөздерді қолдап келеді.
Сенат Төрағасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен қытайдың «Бір белдеу – Бір жол» бастамасының аясында инфрақұрылымдық және көлік жобаларын іске асыруға байланысты ауқымды мүмкіндіктерді атап өтті. «Қазақстан ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа елдерінің нарықтары жолында тауар мен қызмет көрсетуге аймақтық логистикалық торапқа айналуы тиіс», деді ол.
Қ.Тоқаев Қазақстанның толеранттық саясаты туралы да әңгімеледі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру жөніндегі бастамасына жан-жақты тоқталды. Халима Якоб өз кезегінде жүзге жуық қазақстандық компаниялар Сингапурға инвестиция әкелгенін, бұл қадам ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты осы елдің компанияларына жол ашатынын айтты. Сингапур Парламенті Төрағасының айтуынша, қаржы секторы мен консалтинг қызметін көрсету салалары өз отандастарына басымдыққа ие болу мүмкіндігі бар. Х. Якоб жылы шырайлы қабылдауға ризашылық білдірді және Қ.Тоқаевты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Сингапурдың ұлттық павильонының ашылуы салтанатына шақырды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты» -
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс» -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды