Шартты түрде сотталған 34 мыңға жуық азамат әлеуметтік көмек алды

8 Маусым, 2017 20:47
Қазақстанда дамып жатқан пробация қызметінің қызметкерлері биылғы жылдың басынан бастап шартты түрде сотталған 34 мыңға жуық азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсеткен, бұл туралы ҚАЖ комитетінде хабарланды.

Осылайша, 3 327 адам жұмысқа орналастырылған, 7534-іне медициналық көмек көрсетілген, 203 адамның құжаты қалпына келтірілген, 14 761 адамға психологиялық көмек көрсетілген, 20-ға жуық адам бейімделу орталығына орналастырылған.

«Форум жұмысына мүдделі мемлекеттік құрылымдар белсенді қатысты. Олар денсаулық сақтау саласының, жұмыспен қамту орталығының, білім беру саласының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ полиция қызметінің, прокуратура мен облыстық ІІД өкілдері», - деп хабарланды ҚАЖ комитетінде

Семинар жұмысының тағы бір негізгі сәті 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану практикасында тәжірибе алмасу және оны одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу болып табылды. 

Осы мақсатта ҚАЖ комитеті дайындаған, қызметте қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.

Еске сала кетейік, пробация қызметінің мәні қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеп жатқан сотталғандарға әлеуметтік, психологиялық, медициналық көмек алуға, құжаттарын қалпына келтіруге және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады. 

Осыған ұқсас семинарлар республикамыздың қалған өңірлерінде де өтетін болады.

Семинар қорытындылары бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру және жергілікті атқарушы органдар мен пробация қызметтерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауы туралы ұсынымдар әзірленді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық туралы заңын іске асыру аясында пробация қызметінде есепте тұрған 6649 адам сот шешімімен босатылса, тағы 5350 сотталғанның жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. 

Барлық жаңалықтар