- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте зәулім үйлер бой көтереді
Шымкентте зәулім үйлер бой көтереді
Айта кету керек, аталған композицияның орталығы ретінде төбесі көк тіреген 57 қабаттан тұратын екі көпқабатты үй қарастырылуда. «Шанхай-Тауэр» және «Шымкент-Тауэр» деп аталатын мұнаралар аталған екі қаланың достық символы іспеттес болмақ. Жобаның жалпы көлемі 300 мың шаршы метрден астам.
Қытайлық инвесторлардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешенін салу идеясы шығыс пен батыс көпестерінің ежелгі сауда жолы болған Ұлы Жібек жолының тарихына негізделген. Бұл жолдың бойындағы шаһарлардың бірі қазіргі Шымкент қаласы. Ал тұрғын үй кешенінде Ұлы Жібек жолындағы көне қалалар - Отырар, Сауран, Сығанақ, Сайрам, Созақ атымен аталатын ежелгі орамдар (квартал) салынбақ.
Кәсіпкерлермен болған кездесуде облыс әкімі өңіріміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтіп, әсіресе, аймақта отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Мұнан бөлек, ол әкімдіктің аталған жобаны қолдайтынын және оны іске асыруда жан-жақты қолдаулардың болатынын айтты.
Айта кету керек, «Шанхай констракшн» компаниясы Қытайдағы құрылыс саласында ең үздік компаниялардың ондығына кіретін, осы салада 60 жылдан астам тәжірибесі бар ұйым. Бұл компания өз жұмысында құрылыстан бөлек, нысандарды пайдалануға беру мен олардың дизайны бойынша, сонымен қатар, консалтинг қызметімен айналысады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты