ШҚО-да ет өңдеу зауыты салынуда

8 Маусым, 2017 19:57
ШҚО-ның Күршім ауданында ҰҚМ, ІҚМ және жылқы етін өңдеу зауыты салынып жатыр. Жоба кәсіпкердің қаражаты есебінен салынуда.

Қаратоғай ауылында "Арын" ауыл шаруашылығы иелері ет өңдеу зауытын салып жатыр. 

«Барлық үй-жайлар дайын, технологиялық жабдық бойынша алматылық фирмалармен келісімдер жасалды. Алдын ала деректер бойынша, зауыт екінші жартыжылдықта іске қосылады», - делінген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарламасында.

Ауданның жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 26356,4 млн теңгені құрағанын айта кету керек. 2015 жылмен салыстырғанда өсім 8,8% құрайды.

Бұдан бөлек, 18 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, олардың арасында 11 омарта, 3 жылқы шаруашылығы, 3 ІҚМ және 1 ҰҚМ шаруашылығы бар.

Барлық жаңалықтар