Алматыда жылына 5 мың тонна қызанақ өсіріледі

8 Маусым, 2017 19:37
Алматыда қызанақ өсіретін жылыжай кешенінің құрылысы басталады. 8 га орынды алып жатқан жаңа нысанның алаңы Алатау ауданының Индустриялды аймағында орналасқан, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жылыжайда  жылына 5000  тонна қызанақ өсіріледі. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуына орай  105 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жылыжай кешенінде «гидропоника» технологиясы бойынша жыл бойы көкөніс өсіріледі. Аталмыш жоба Өңірлік үйлестіру  кеңесімен мақұлданды.

ӨҮК барысында жылыжайда өсірілетін томаттардың сапасы  голландиялық қондырғы мен инновациялық шешімді кепілдендіру қарастырылады. 

Барлық жаңалықтар