• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан мен Қытай-Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпірін өткізді

Н.Назарбаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан мен Қытай-Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпірін өткізді

8 Маусым, 2017 16:02
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Қазақстан мен Қытай – Еуразияның транзиттік көпірі» атты телекөпір өтті.

Телекөпір барысында Мемлекет басшылары  Еуразиялық кеңістіктегі   жаңа контейнерлік  қызметті іске қосты – қазақстандық-қытайлық терминал Ляньюньган, екінші жағынан  «Қорғас-шығыс қақпасы»  экономикалық аймағының құрғақ порты.

«Баршаңызды Астанадағы  «ЭКСПО-2017»  Халықаралық көрмесіне қарсы алуға қуаныштымын. Баршаңызға Қазақстан үшін маңызды шараға менің жеке шақыртуымды қабылдап, келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Бұл бірегей платформа жаңа энергетиканың әдістерін қолдануға арналған. Қытай көрмеге қатысуды ресми қабылдаған алғашқы елдердің бірі.  Қытай экспозициясының тақырыбы  «Болашақтың энергиясы: Жасыл жібек Жолы», ЭКСПО-дағы ең ірі павильондардың бірі», - деді Н.Назарбаев.

Контейнерлік пойыздар Ляньюньган портынан  Орталық Азия мен Стамбулға Қазақстан өңірі арқылы жөнеледі.  Алғаш рет контейнерлік бағыт Тильбург (Германия) - Ченду (Қытай) және Ташкент – Ченду бағытына қазақстандық Алтынкөл  бойынша өткен болатын. Мемлекет басшылары ынтымақтастығының маңызды кезеңі қытайлық инвесторлардың «Қорғас-Шығыс қақпасы» жобасына қатысуы.

«ҚХР баламалы энергия саласындағы әлемдік көшбасшы болып саналады. Бұл жоба бойынша сіздердің жоспарларыңыз  360 млрд долларды  2020 жылға дейін жүзеге асыруды қарастырып отыр. Қытайдың ЭКСПО-ға қатысуы технология мен мәдени байланыстың дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Бүгін екі маңызды  жобаны жүзеге асыру басталды. Ляньюньган порты арқылы Орталық Азиядан Түркияға бет алды. ЕЭА  Қорғас Шығыс қақпасы құрғақ портынан контейнерлік жүк  Ченду  қаласына бағытталды. Біздің жоспарымызда 2020 жылға дейін екі миллион контейнерлік тасымалдау көрсеткішіне жету», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, 2017 жылдың  15 мамырында Бейжің қаласында «Бір білдеу-бір жол» форумы аясында  «ҚТЖ» ҰК»АҚ, Ляньюньган және COSCO Shipping  арасында «Қорғас Шығыс қақпасы» ЕЭА-дағы  KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портын дамыту туралы  үшжақты меморандумға қол қойылды.  

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар