Қарағандыда Генадий Головкин атындағы ДСК ашылды (ФОТО)

8 Маусым, 2017 16:54
Қарағандыда Головкин атындағы жаңа дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің ашылуына Геннадий Головкиннің өзі келді.

Сауықтыру орталығында төрт зал жұмыс істейді: ауыр атлетика, бокс, ойын залы және бассейн. Ол жерде тегін 558 бала жаттыға алады. Оларды 14 бапкер алты спорт түрі: ауыр атлетика, бокс, жүзу, синхронды жүзу, баскетбол және волейбол бойынша жаттықтыратын болады. 

 «Мен үшін осы жерде, сіздермен бірге мына денеше шынықтыру – сауықтыру орталығының ашылу салтанатында болу өте қуанышты сәтОған менің атымды бердіңіздер. Ол үшін алғысым шексіз. Бұл нысан Қазақстанның барлық тұрғындары мен балалары үшін ашылып отыр. Барлық қарағандылықтардың, Майқұдық жігіттерінің атынан облыс әкімдігіне осындай сыйлық үшін үлкен рахмет айтамын. Енді бізде спорт үйі бар. Мұнда келіп, біз дамимыз, биік белестерді бағындырамыз және сауығамыз. Осы жерде дәл қазір болашақ чемпиондар, еліміздің көк байрағын халықаралық чемпионаттарда, Олимпиадада көкке көтеретін спортшылармыз тұрғанына сенімдімін» , - деді атақты боксшы.

 Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің сыртында GGG белгісі бар. 

Барлық жаңалықтар