Қазақстан мен Қытай басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды (ФОТО)

8 Маусым, 2017 14:29
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келіссөздер өткізіп, бірқатар құжаттар мен сауда, экономика, қаржы, су шаруашылығы және өзгеде салалардағы ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.

«Біз шағын және кеңейтілген құрамда мазмұнды  келіссөздер жүргіздік, барлық маңызды мәселелерде өзара түсіністікке қол жеткіздік. Сонымен қатар, елдеріміздің ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өттік. ҚХР Төрағасының бұл идеясы осы жерде, Назарбаев Университетінде алғаш рет жария етілген еді. Астана саммитінен кейін ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстаннан Қытайға өтеді. Бұл оқиға ұйым үшін маңызды сәтте орын алуда. Ертең мүшелер құрамы екі маңызды мүшемен толығады. Олар: Үндістан  және Пәкістан. Осылайша, ШЫҰ жер тұрғындарының 40 пайызын, әлем экономикасының шамамен үштен бірін қамтитын болады», - деді ҚР  Президенті.

Н.Назарбаев атап өткендей, Қытай біздің сыртқысаяси және ішкіэкономикалық жетекші серіктестеріміздің бірі.  

«Ширек ғасыр ішінде біз индустриалды-инновациялық ынтымақтастық бағытындағы қазақстандық-қытайлық бағдарламаны жүзеге асырдық. Аталған бағдарлама жалпы сомасы 28 млрд  долларды құрайтын 51 жаңа жобаны Қазақстанға көшіруді әрі құруды қамтиды. Бүгінде оның үшеуі іске қосылған, алтауы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 10 жоба дайындалып жатса, тағы 16 жоба жүзеге асыру кезеңінде тұр», - деп баса айтты Н. Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, бүгінгі келіссөздерде энергетика, көлік, ауыл шаруашылы салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сонымен бірге трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау қауіпсіздік жүйесін нығайту, әсіресе ғылыми техникалық және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық жайы талқыланды.

«Біз Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеу бастамасы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне жете назар аудардық. Жақында ғана Бейжіңде өткен дөңгелек үстел Жібек жолы идеясын бүкіл әлемді қамтығанын көрсетті.  Әлемнің 130 мемлекетінің өкілдері өзара байланысу мәселелерін  талқылады. Біз бұл ұсынысты белсенді қолдадық, және біздің «Нұрлы жол» Мы активно поддержали эту идею, и наша программа «Нурлы жол» бағдарламамыз Жібек Жолының Қазақстан арқылы батыс  аймағына шынайы жалғасы болып табылады.  Мұхитқа тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ Қазақстан  ҚХР көмегімен транзиттік ммелекетке айналуда. Бүгін біз көрмеге барамыз және бірлесіп телекөпірді ашамыз, ол біздің қарым қатынасымыз, бірлескен жолымыз туралы айтып береді», - деп бөлісті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, екіжақты интеграция жоспарын жүзеге асыру екі ел алдында жаңа мүмкіндіктердің бетін ашуда. Мысалы,  Қытай-Қазақстан-Еуропа бағдарымен контейнерлік жүк тасымалдау тұрақты артып, еселене түсуде.

«2020 жылға қарай  жүк тасымалының көлемі жылына 2 млн контейнерге жетеді. Осылайша Қазақстан маңызды транзиттік елге айналып келеді. Бұл біздің мүддемізге  сай», - деді Н.Назарбаев.

Жалпы, келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәмілеге қол қойылды. Аталмыш құжатта сауда экономикалық, гуманитарлық, дамудың негізгі бағыттары қамтылған. Жоғары деңгейде жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қазақстандық қытайлық серікетестік жаңа бетті ашады.

«Қазақстан мен Қытай іскерлік кеңесінің жұмысына да тоқталып өтсем деймін. Бүгін Астанада аталған кеңестің төртінші отырысы өтіп жатыр. Оның аясында қазір ғана сіздердің қатысуларыңызбен қол қойылған құжаттардан бөлек 8 млрд доллардың 20-ға жуық коммерциялық келісіміне қол қойылатын болады. Сонымен қатар, мәдени ынтымақтастық мәселесін, оның ішінде «Композитор» деген атаумен кино фильм түсіру жөніндегі бірлескен жобаны талқыладық. Ол қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов пен бізге қазіргі Қытай музыкасының классигі ретінде танымал Си Синьхаяның достығына арналған», - деді ҚР Президенті.

Си Цзиньпиннің айтуынша, өзара саяси қолдауды нығайтуды көздеп отыр.

«Қос тарап бұрынғыша бір бірене құрметпен қарап, қолдайтын болады. Президент атап өткнедей, мен Қазақстанға 2013 жылғы сапарым барысында Назарбаев университетінде Жібек Жолы экономикалық белбеуі тіралы алғаш рент өз идеямды ұсынған болатынмын. Н.Назарбаев алғаш болып қолдау көрсетті», - деді  Си Цзиньпин.

ҚХР Төрағасы атап өткендей, тарих көрсетіп отырғандай мемлекеттер өзара достастықты, жақсы көршілік қарым-қатынасты, бір-біріне деген құрмет пен сенімді және теңдікті қолдайтын болса әлемде және аймақта жағдай өзгермейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.  

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар