- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы туризм: Баруға міндетті көрнекті орындар (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанадағы туризм: Баруға міндетті көрнекті орындар (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені
«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында құрылған мәдени-туристік және имидждік бірегей жоба болып табылады.
«Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында шетелдік және отандық туристерге қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында этноауылды құрып отыр», - деп хабарлады МСМ.

Этноауыл «Қазанат» ипподромының 2500 шаршы метр аумағында орналасқан.Ұлттық-мәдени кешенге келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады, қалаған жан көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болып, ауылдың күнделікті және мерекелі өмірімен барынша ләзаттанады.
Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.

«Ұлттық ойындар» секторында келушілерге тәрбиелік, дәстүрлік, әскери-спорттық, көпшілік-эстетикалық, коммуникативтік және өзге қоғамдық міндеттер атқаратын ойын-сауықтар мен ұлттық ойындар көрсетіледі. «Сайыс», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Алтыбақан» және т.б. ойындар бізді ата-бабаларымыздың ежелгі заманына алып келеді.


Сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, ағаштан мүсіндеу, керамика, киіз басу технологиясымен, саятшылықтың дәстүрлі түрлерін тамашалады.

Этноауыл жобасының мерекелік іс-шаралары ішіндегі ең күтетініміз – қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі болып табылады. «Қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі» секторында қонақтар үшін көшпенділер мен қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениетінің көптүрлілігін жеткізетін және көрсететін толыққанды бағдарлама ұсынылады.

Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені ЭКСПО көрмесіне орай қайта жаңаруына байланысты жазғы маусымдық жұмысын ашты. Кешен жәдігерлерін жаңартудың, қазіргі заман талаптарына сай етуді мақсат еткен ұжым бүгінгі күні "ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне тыңғылықты дайын.


Кешеннің іргетасы 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын.

"Музейде жыл сайын мектеп оқушылары арнайы сынақ арқылы таңдалып, жазғы демалыстарында экскурсовод болып, еңбекақы алады. Әр экскурсовод кемінде 3 тілде экскурсия жүргізеді, оның ішінде түрік, француз, неміс, ипан, қытай, корей тілдерінде ерекін таныстыра алатын гидтер де қарастырылған", - деді ұйымдастырушылар.





Шыңдары аспанмен таласқан, асқақ Алатауымыздың шоқтығы биік баурайын, қойнауы тылсым сырға толы Қаратаудың, тұңғиық терең Каспий теңізінің кішірейтілген шағын көрінісін немесе Ұлытаудың бейнесі, Маңғыстау өңіріндегі Бекет ата сынды тарихи орындар, еліміздің әр өңірінде орналасқан алпауыт өндіріс орындарының макеттері ел экономикасының қуаттылығы мен дамуынан өз көрерменін хабардар етеді.


Жаңа маусымға орай кешенде 14 жәдігер жаңадан қосылды. Атап айтар болсақ, «арағанды спорт сарайы», «Қазақ мырыш зауыты», «Әбілхайыр кесенесі», «Қарабура кесенесі», «Космонавт монументі», 4-тен аса облыстардағы Тарихи өлкетану музейлерінің макеттері. Жалпы кешенде 400-ден астам макеттік нысан орналасқан.


Рухани-мәдени мол байлығымызды, құнды қазынамыздың бәрін болмаса да бірқатар бөлігін алақанға қондырғандай етіп, макеттік үлгісі бойынша айнытпай жасап, жұртқа ұсынуда аталмыш кешен шетел қонақтары мен туристерін тартудың басты тетігінің біріне айналып келеді.
Салтанат Сұрағанова
Фото: Ержан Жаубай, Абзал Калиев
-
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Азық-түлік бағасы: өсу себептері, тұрақтандыру шаралары, елордадағы арзан азық-түлік сататын орындар -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
БҚО-ның дамуы: Инвестиция, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындары және білім саласындағы мәселелер -
Astana Hub: Стартаптар сатылымын 73 млн теңгеге арттырып, жаңа жұмыс орындарын құрды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
«Еңбек» бағдарламасы: Тұрақты жұмыс орындары жеті есеге артты -
Тегін медициналық көмек алу үшін ӘМСҚ-на жарна төлеу міндетті ме -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары