- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен ҚХР басшылары Жібек Жолы идеясын қолдайды
ҚР мен ҚХР басшылары Жібек Жолы идеясын қолдайды
«Біз сіздің сапарыңызға ерекше мағына береміз, себебі бұл кездесулер Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті орнатуда өте маңызды. Біз елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым қатынастың 25 жылдығын атап өтудеміз. Бұл бірлесіп жүргізген жұмыстарды қорытындылайтын және болашаққа жоспар жасайтын меже», - деді ҚР Президенті.
ҚР Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасында саясат, экономика, мәдениет салаларында болсын қыруар шаруалар атқарылуда және өзара шешімін таппаған бірде бір мәселе жоқ.
«Біз БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК халықаралық аймақтық алаңдарда өзара белсенді жұмыс істейміз. Ертең біз ұйымның тарихи отырысына қатысамыз, ол Үндістан мен Пәкістанның қосылуының арқасында өзінің көкжиегін кеңейтеді. Астаналық самиттен кейін төрағалық сіздердің елдеріңізге өтеді. Осы ретте сіздерге табыс тілеймін», - деп тілек білдірді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті хабарлағандай, Қазақстан мен Қытай екіжақты форматта үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер жасалып, барлық салаларда байланыстар артуда.
«Қазақстанда қытайлық капиталдың қатысуымен мыңға жуық кәсіпорын дамуда. Сауда саласында даму динамикасы өте жоғары. Біздің мәліметтер бойынша, алғашқы тоқсанда сауда 30%-ға артты, ал қытайлық мәліметтер бойынша көрсеткіш оданда жоғары. Жалпы, осы жылдар ішінде Қытай біз үшін ірі инвесторға айналды. Негізі екі ел арасындағы белсенді қарым-қатынасты үлгі ретінде көрсетуге болады деп ойлаймын. Жеткен жетістігімізбен тоқтап қалуға болмайды. Алар асуларымыз әлі алда», - деп толықтырды Н.Назарбаев.
Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінде біз үшін бастысы Қазақстан өз аумағында үйлесімді жалғастыра білген Жібек Жолының «Бір белбеу - бір жол» идеясын сіңіру .
«Мен сіздің біздің елімізде жариялаған идеяңызды толығымен қолдаймын, Қазақстан осы 4 жылдың ішінде 1500 шақырым теміржол салды, олар Батыс Қытайды Каспиймен, Еуропамен байланыстырады және 3000 шақырым автожол, 2 тж өтпе жол, 6 автомобиль өтпе жолы бар. Сондықтан Қазақстан өзі қалағандай Қытаймен сауда жасау арқылы транзиттік мемлекет болып келеді. Енді сіздер Тынық мұхитынан Қытай арқылы Қазақстанға, Еуропаға жол ашық екенін білесіздер. Бұл Төрағаның арқасында, ол қазақстандық-қытайлық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөліп келеді. Осы ретте сізге айтар алғысым зор және де Қытай халқы алдында үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспін», - деп ағынан жарылды ҚР Президенті.
Өз кезегінде Си Цзиньпин, Қазақстанға үлкен ықылыспен келетінін жеткізді.
«Құрментті Президент Нұрсұлтан Назарбаев, менің қымбатты да, ескі досым. Мен сіздің шақыруыңызбен Қазақстанға үлкен ықыласпен келдім және сіздердің риясыз көңілдеріңізге ризамын. Ағымдағы жылы Астананың көшірілгеніне 20 жыл толады. Осы жылдары үлкен бет бұрыстар орын алды, Қазақстан жарқын болашаққа қадам басуда. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бұдан да биік белестерді бағындырарына сенімдімін», - деді Си Цзиньпин.
Естеріңізге сала кетейік, Астанаға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келді.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері