Қазақстанда мен өзімді өте жайлы сезінемін – С Цзиньпин

8 Маусым, 2017 11:55
Қазақстанда мен өзімді өте жайлы сезінемін, деді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ақордадағы ҚР Президентімен ресми кездесуде.

 «Бұл Қазақстанға жасап отырған үшінші сапарым.  Біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде, стратегиялық тұрғыда қалыптасқан. Біз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жасаудың үлгісіне айналдық. Мен жоғары деңгейде ұйымдастырылған қабылдауға алғыс білдіремін.  Қазақстанға  келгенде Бейжің қонақ үйіне тоқтап, мен өзімді өте жайлы сезінемін», - деді Си Цзиньпин.

ҚХР басшысы  айтып өткендей,  «Бір  белдеу-бір жол» Жібек  Жолын құру бастамасы тек оған ғана тиесілі емес.

«Сіз «Бір белдеу-бір жол»  бастамасы Қазақстанда алғаш рет ұсынылды дедіңіз. Үш жылдан астам уақыт өткен соң, бастама әлемде қолдауға ие болды.  Ұлы Жібек жолын құру бастамасы әлемдік үрдістің ортақ  беталысына айналды. Бұл тек менің бастамам ғана емес, ортақ бастамамыз», - деді Си Цзиньпин.  

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар