- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
Шарада ОҚО мəдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов жəне ТҮРСОЙ ұйымының арнайы өкілі Елчин Гафарлы фестиваль қатысушылары мен кішкене көрермендерді Түркі елдеріне ортақ айтулы күнмен құттықтады.
Салтанатты ашылу рəсімі С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасының қазақ халық ертегісі желісінде құрылған "Қаңбақ шал" қойылымына жалғасты.
"Ортеке" Халықаралық фестивалінің мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін көпшілікке таныту, аймақаралық ынтымақтастық пен кәсіби қуыршақ өнері саласындағы халықаралық мәдени байланысты нығайту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігі деңгейін арттыру, отандық қуыршақ өнерінің дамуына жағдай жасау болып табылады.
"Осы орайда, барлық спектакль көрсетілімдерінің құрамына режиссер, Астана қаласы Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ешмұратова Құралай Халекетқызы (Қазақстан), UNİMA Халықаралық қуыршақ театрлары одағының Түркиядағы мүшесі, сыншы, қуыршақ театрларын зерттеуші-жазушы Озхан Мевлут (Түркия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Орынбор облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Смирнов Вадим Александрович (Ресей), Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі Сабила Абуева (Қазақстан), Д. Танасоглу атындағы Гагауыз ұлттық театрының директоры Михаил Константинов ( Молдова) төрелік ететін болады", - делінген хабарламада.
Халықаралық шара қазылар алқасының қатысуымен баспасөз отырысынан бастау алған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде фестиваль мақсаты мен талаптар сынды көптеген сауалдарға жауап берілді.
"Ортеке" V Халықаралық фестивалі 9 маусымға дейін жалғасады. Жеңімпаздар ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының арнайы тағайындаған жүлделерімен марапатталады.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты