ҚР Президенті Ақордада Қытай басшысын қабылдайды

8 Маусым, 2017 10:32
Қытай Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен Астанаға келді, ол Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

ҚР Президенті өзінің қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді, онда сауда, экономика, қаржы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық бойынша бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда. 

Кездесуден кейін екі елдің көшбасшылары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағына барып, Қазақстан-Қытай телекөпіріне қатысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) тарихи саммиті қарсаңында Астанаға Ресей Президенті Владимир Путин келетінін айта кету керек.

Еске сала кетейік, Қытай делегациясының Қазақстанға сапары аясында дүниежүзіне әйгілі актер Джеки Чан кеше Астанаға қытай киносының фестиваліне келген болатын.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар