- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы басталды
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы басталды
««100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырды», - деді Д.Абаев.
Министр айтып өткендей, жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.
«100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші – өтініштер қабылданады. Ол краудсорсинг негізінде жүзеге асады. Жобаға кез-келген үміткер қатыса алады.
Егер де сара жолы мен жетістіктері сізге үлгі болған, сізді шабыттандырған тұлғалар болса, немесе өзіңіз де сондай жандардың қатарынан болсаңыз қоғамға танытуға үлкен мүмкіндігіңіз бар. Басты критерий – Тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне қосқан үлесті көрсету.
Ол үшін 100esim.el.kz сайтына кіріп, өтініштің формасын толтыру керек.
Жоба сайтына келіп түскен барлық жарияланымдар оқырмандарға қол жетімді болады және әрбір қолданушы кейіпкерлер туралы материалдардан алған әсерін әлеуметтік желілерге жазып, көпшілікпен бөлісе алады.
Әрі қарай – жұмыс тобы мен сарапшы комияссия келіп түскен жұмыстарды қоғамдық пікірге сүйене отырып, іріктейді. «100 жаңа есім» жобасына лайық кейіпкерлер таңдалады.
Жобаны ұйымдастырушы «Қазконтент» АҚ. 100esim.el.kz. сайты El.kz интернет-жобасының базасында әзірленді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда