- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 26 адам пәтер кілттеріне ие болды
Қарағандыда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 26 адам пәтер кілттеріне ие болды
"Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі міндет ретінде қарастырылған. Бұл міндетті сәтті орындап келеміз, сондықтан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушыларға пәтер кілттерін табыстау міндетін бүгінгі мерекеге орайластыруды шештік. Бүгін 26 адам баспанаға ие болды", - деді қала әкімі Мейрам Смағұлов кілт тапсыру рәсімінде.
М.Смағұлов салтанатты жиында атап айтқандай, тұрғындар елді жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосады.
"Атаулы мереке – Тұңғыш Президент Күнінде Елбасының сапары қарағандылықтардың жалпы жұмысына берілген жоғарғы баға және ерекше сенім көрсеткіші болып табылды. Өңір халқының алдында сөйлеген сөзінде Елбасы қарағандылықтардың еңбекқорлығын және олардың ауқымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сәтті орындайтындығына баса назар аударды. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы Қарағанды қаласының жетістіктерін ерекше атап өту керек. 2012 жылы 119 адам оқуын аяқтап, тағы 50 бағдарламаға қатысушы жаңа сұранысқа ие мамандықтарды игеруді жалғастыруда. Оқуды аяқтағандар қатарынан 93 адам жұмысқа орналастырылды. 26 адамды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді Қарағанды әкімі.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты – «Еңбек ресурстарының мобильділігін арттыруды» жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды қаласында 14 шағынаудандағы екі көпқабатты тұрғын үйді жөндеу және қалпына келтіру жүргізілді және Ермеков көшесі 9 шағынаудан 5 блок мекенжайында үй құрылысы басталды, оны 2013 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек