- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Қытайдың дәстүрлі медицина орталығын ашты
Мемлекеттік хатшы Қытайдың дәстүрлі медицина орталығын ашты
Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орталық Астана тұрғындарымен қатар қонақтары үшін де қызмет ететінін айтып өтті.
«Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл болды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасында жылы әрі достық қарым-қатынас орнағанына ерекше тоқталды. Біздің азаматтар ем алудың баламалы әдістеріне жиі жүгінетін болды. Бүгін ашылып отырған Қытайдың дәстүрлі медицина орталығы қазақстандықтардың емделу мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді. Бұл орталық халық денсаулығын сақтаудың үздік ресурстарының бірі болатынына сенімім мол, - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының жетекшісі Валерий Банберин айтып өткендей, Қытай дәстүрлі медицинасы тек БІС ауруханасына келетін адамдардың жағдайын ғана емес, ҚР халқының ахуалын арттыруға жұмыс істейді.
«Қытайдың дәстүрлі медицинасы әлемді мойындата білді. 140 елден астам ел қытайлық медицинаның қағидасын ресми түрде мойындады. Қытай дәстүрлі медицинасының өзектілігін соңғы бес жылда 20 мың ғылыми еңбек қытай дәстүрлі медицинасына арналып жазылған. 14 мыңнан астам медициналық мекеме қытай дәстүрлі медицинасын қолданады», - деді В.Бенберин.
Ол айтып өткендей, орталық халыққа бір ай бойы ақылы түрде қызмет көрсететін болады.
«Бұнда массаж тәжірибелері мен ине терапиясы, шыны массажын қабылдау, психофизиологиялық тәжірибелер жүзеге асырылады. Сондай-ақ, орталық жанында бар әлемге танымал TongRenTang дәріханасы жұмыс істейтін боалды. Бұл Қазақстанда рұқсат алған алғашқы Қытай дәріханасы», - деді ол.
Ақбота Күзекбай
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты