- Басты
- Жаңалықтар
- Панфилов ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылды
Панфилов ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылды
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу - облыс басшысының аудан, қала әкімдерінің алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан А. Баталовтың Панфилов ауданына барған сапарында «МПК Әулет» ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыты назардан тыс қалған жоқ.
Жаркент қаласының солтүстік-шығысында орналасқан зауыттың жер аумағы 12 га.
Зауыт директоры Кенжебек Ермұханбетовтің айтуынша, зауытты іске қосу үшін 70 млн. теңге инвестиция құйылған.
«Кәсіпорынның қуаты айына - 600 тонна. Тәулігіне шығарылатын дайын өнім – пешке сұйық отын – 8,5 тонна, көмір қалдығы – 7,4 тонна, металлокорд – 1 тонна болмақ. Зауытты іске қосу арқылы ауданда жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды жою, әрі 30 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болды. Зауыт өзіне кеткен шығынды 6 айдың ішінде ақтап шығады. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар қордаланып қалған тұрмыстық қатты қалдықтарын зауытқа белсенділікпен әкеліп, өткізіп жатыр. Өткізілген қалдықтың әр келісіне 10 теңгеден төленеді», - деді К.Ермұханбетов.
Облыс әкімі А. Баталов өңірде қалдық өңдеу мәселесі өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті.
«Менің тарапымнан барлық аудан, қала әкімдеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу туралы тапсырма берілген болатын. Қойылған тапсырманы алғашқылардың бірі болып Панфилов ауданы орындады. «МПК Әулет» сияқты кәсіпорындарды қолдауымыз қажет. Бұл тек экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, өңірдің экономикасына да оң ықпалын тигізеді», - дей келе, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М. Мұратқа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша зауытқа несие бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды