- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзартты
Қазақстан мен Қытай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзартты
Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы жемісті ынтымақтастықтағы мол тәжірибе жөнінде атап өтті. 20 жыл бойына қытайлық және қазақстандық тараптар минералды ресурстарды барлау мен өндіруде, мұнай құбырлары мен газ құбырларын салуда, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, реконструкциялау мен басқаруда техникалық мүмкіндіктері мен мол тәжірибе жинақтады.
ЭМ хабарлағандай, тараптар үлестері бар кен орындарда өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуда өндіру тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген келісімшарттар шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. Қ. Бозымбаев және В. Илинь жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімін ұзарту туралы 3 жыл қолданыста болатын меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес Тараптар Жаңажол газ өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтерін келісу «Ақтөбемұнайгаз-СНПС» АҚ мен «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ арасындағы жекелеген келіссөздер шеңберінде шешілетіндігі жөнінде келісті.
Тараптар Қазақстан тарапына газ-химия жобасын іске асыру перспективті болып табылатындығын растады және ҚҰМК осындай жобаны іске асыру жөнінде ұсыныс беретіндігі жөнінде келісті.
Меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарын және жер қойнауын пайдаланушылар мен мердігер және қосалқы мердігер компаниялар жұмыскерлері сияқты қазақстандық персонал үшін жұмылдырылған шетелдік персоналға қатысты тең еңбекақы шарттары сақталады.
Меморандумда өңірлерді дамытуға әлеуметтік және өзге аударымдар деңгейі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын жасау бойынша міндеттемелерді көбейту қарастырылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды