- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған шаралар басталды
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған шаралар басталды
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы мәлімдей келе, ол еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында 2016 жылы кезең-кезеңмен Мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторларына қол жеткіздік деді.
Кейінгі он жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 10 жылда 3,2 есе азайды. Сәби өлімі 2016 жылы туған 1000 балаға 8,6 құрады. Жүрек-қантамыры ауруларымен науқастану мен өлімі төмендеді. 2015 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі азайды.
Он жылда жарақат пен ұланудан өлім екі есе төмендеді. 22 инфекциялық ауруларымен науқастану да азайды. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерең еңбегінің және жүздеген, мыңдаған құтқарылған өмірлердің айғағы.
«Күн сайын жарты миллионнан астам қазақстандықтар дәрігерлерге жүгініп, 8 мыңға жуық пациент стационарларда емделеді, күнделікті 1100-ден астам әйел ана аталады, тәулігіне хирургтар 2 мың 200-ден астам пациентке операциялар жасайды, күн сайын жедел жәрдем 20 мың 700 реттен астам науқастардың шақыруларына барады», - деп мәлімдеді вице-министр.
«Мемлекеттік бағдарламаның 2016 жылғы алдын ала қорытындылары күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халық денсаулығының индексі, халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық деңгейі сияқты негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл медицина қызметкерлерінің адал еңбегінің нәтижесі», - деп атап өтті Алексей Цой.
«Медицина қызметкерлерінің тәжирибесі, кәсіптілігі, білімдері мен шеберлігі, оларға тән адамның өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі барлық өзгерістер мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі», - деді вице-министр.
«Ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру міндетін шешу үшін барлық жағдайлар бар. Дегенмен, денсаулық сақтау саласын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін әрбір маман өз жұмыс орнында барынша күш салуға тиіс», - деді, сөзін қорытындылай келе Алексей Цой.
Елімізді барлық өңірлерінде «Мен неге дәрігер мамандығын таңдадым» атты флешмоб өтеді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі