Н.Нығматулин: Кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалуда

7 Маусым, 2017 17:56
Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық жаңашылдықтар отандық кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыс барысында.

Депутаттар екінші оқылымда  аталмыш заң жобасын мақұлдады. 

Н.Нығматулин айтып өткендей, заң жобасында экономикалық  құқық бұзғандар үшін жазаны гуманизациялауға бағытталған бірқатар түзетулер бар.

Атап айтсақ, кәсіпкерлік ортада  алғаш рет  құқықбұзғандар  өзінің шығынын өтеген жағдайда  қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Жалған кәсіпкерлік үшін де қылмыстық жауапкершілік алынады.

«Біздің мақсатымыз  отандық бизнесті қолдау бойынша  Елбасының тапсырмасын  орындау болып табылады. Кәсіпкерлік үшін жағдай жасау керек», - деді Н.Нығматулин.

Жалпы, өзгертулер мен толықтырулар Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Әкімшілік құқықбзушылықтар туралы кодекске енгізіледі. 

Барлық жаңалықтар