- Басты
- Жаңалықтар
- Джеки Чан: Қазақстанды көру менің арманым еді (ФОТО)
Джеки Чан: Қазақстанды көру менің арманым еді (ФОТО)

Джеки Чан ұйымдастырушылар мен қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айта отырып, журналистердің сұрағына жауап берді. Ол өзінің шығармашылығы, тәжірибесімен бөлісті.
«Менің шынымен де тәжірибе мол. Мен фильмді түсірген кезде монтажды өзім жасаймын, одан кейін сахнаның еденін жуамын. Мен осылайша мәтін жазып, ойымды сараптаймын. Сондай-ақ, мен қайырымдылықпен айналысамын, ол маған өзімді дамытуға, ізденіс жасауға мүмкіндік береді. Осының барлығы маған үлкен тәжірибе сыйлайды. Барлық жұмысымды аяқтағаннан соң менің бойымды қуаныш билейді», - деді актер.

Джеки Чан қазақстандықтармен кездескеніне риза болғанын және Қытайға танылып үлгерген Димаш Құдайбергенмен кездескеніне де ризашылық білдірді.
«Димаш Құдайберген болашақта кинематографияның танымал жұлдызы болады», - деді ол.

Журналистің өмірде де өнерде де неге сонша қарапайымсыз деген сұрағына ол былай жауап берді:
«Мен бірден танымал жұлдыз болған жоқпын, мен бұған кезеңдеп жеттім. Ең төменнен бастадым. Мен әрбір адамның деңгейін білемін, адамдармен қарым-қатынасты қалай құру керектігін меңгергем. Менің еңбегім мен жанкүйерлерімнің қолдауының нәтижесінде мен әлемдік тұлғаға айналдым. Әлем бойынша мыңдаған жанкүйерлер менің фильмімді көретінін білемін», - деді актер.

Сондай-ақ, ол Қазақстанды бір көру арманы болғандығын да айтып өтті.
«Қазақстанның Қытайдағы елшісі маған Қазақстан туралы баяндап берген болатын. Оның табиғаты мен мәдениеті, әдебиеті жайлы.Шынымды айтсам, Қазақстанды бір көру арманым болған еді. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін бұл арман орындалмай келді. Болашақта осы елге қайтып келіп, кинематографиямен айналыссам деймін», - деді Джеки Чан.



Актер айтып өткендей, Қазақстанда да қайырымдылықпен айналысуға қарсы емес.
Баспасөз конференциясынан кейін актер «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған Қазақстан-Қытай кинофестиваліне қатысты.
Ақбота Күзекбай
Фото: Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі