Павлодар облысында инвесторларға арналған сайт ашылды

7 Маусым, 2017 18:32
Павлодар облысында investinpavlodar.kz атты бІрегей инвестициялық портал іске қосылды. Бұл сайттан мемлекеттік қолдаудың жалпы шаралары, облыста бос тұрған ғимараттар мен ресурстық база туралы өзекті ақпарат табуға болады.
Мұнда инвестиция құюды қажет ететін инвестициялық жобалардың базасы, қалалар мен аудандардың инвестициялық төлқұжаттары орналастырылған.      
Интерактивті баспалы картада аймақтар бойынша жұмыс істеп жатқан және тоқтап тұрған кәсіпорындар, бос жер учаскелері мен пайдалы кен орындары, сондай-ақ болашағы зор инвестициялық жобалар туралы ақпарат ұсынылған.
Жобалардың мәртебесін онлайн тәртіпте мониторингілеп отыратын CRM жүйесі енгізілген.
Іnvestinpavlodar.kz порталы инвесторларды тартуда жан-жақты көмек көрсетеді.
Оған қоса, жуырда кәсіпкерлерге көмек ретінде «Павлодар аймақтық ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-ның rntc.kz сайты іске қосылған болатын. 
Барлық жаңалықтар