- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада алғашқы отандық электробустар жүре бастайды
Астанада алғашқы отандық электробустар жүре бастайды
«Өндіріс Higer көлік алыбының қытайлық әріптестерімен бірлесіп ашылды. Электробус жүрісінің қоры 70 км, автобустағы батареяны зарядтау жылдамдығы 8 минутты құрайды, бұл соңғы аялдамада техникалық тоқтау кезінде батареяны зарядтап алып, бағдарын одан әрі жалғастыру үшін жеткілікті», - деді «Парасат» ҒТО» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков.
Батареяның жұмыс істеу мерзімі зарядтаудың 20 000 цикліне есептелген, ал электробус қозғалтқышы 1,5 млн км астам жол жүруге мүмкіндік береді.
«Электробус құрамасында батареяға негізгі көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта оның жұмыс істеу мерзімі – 8 жыл», - деп жалғастырды Е. Стамбеков.
Автобус жергілікті ауа райы жағдайларына, температураның күрт өзгеруіне толық бейімделген және ЖҚЕ білетін ақылды техника болып табылады.
«Электробус 40 градусқа дейінгі температурада астананың қатаң қысқы сынағынан өтті. Сондай-ақ ҚБТУ мен ҚазҰТУ мамандарымен бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі әзірленді, ол автобустарды интернет арқылы онлайн режимде қадағалауға және нақты автожолдағы жылдамдығын бақылауға мүмкіндік береді. Оған қоса, электробус тоқтайтын жерлерде немесе бағдаршамның қызыл түсіне жүре алмайтындай етіп бағдарламаланған, компьютер доңғалақтардың қозғалысын автоматты түрде тоқтатады. Бұл «Ақылды қала» жобасының іске асырылуы», - деп атап өтті Е. Стамбеков.
Электробустың орташа құны - 250 мың доллар. Қазақстандық қамту үлесі 40 пайызды құрайды.
«Батарея және оған қызмет көрсетумен байланысты нәрселердің барлығы 60%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Назарбаев университетімен алғашқы отандық батарея жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жоба іске асырылысымен қазақстандық қамту үлесін 95%-ға дейін жеткізбекпіз», - деп түйіндеді Е. Стамбеков.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар