Арал ауданында жыл басынан бері 3796 ШОБ субъектісі тіркелді

7 Маусым, 2017 17:13
Қызылорда облысында әкімдік пен өңірлік палатаның «Микробизнес-Қызылорда» жобасы аясында жалпы көлемі 840 млн. теңгені құрайтын 132 жоба қаржыландырылып, 429 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы ретте қайтарым 100% құрады.

Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлауынша, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында аймаөта өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Бірыңғай карта жасақталды.

Аймақта жан-жақты қолдаудың арқасында, кәсіпкерлердің 102 жобасы қолдау тапса, 2017 жылдан бері шағын және орта бизнес саласында 3796 субъекті тіркеліп, оның 83,1 пайызы жұмыс жасап тұр. Оның 266-ы заңды тұлғалар, 3108-і жеке кәсіпкерлер және 422-і шаруа қожалықтары құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»жүзеге асыру барысында, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1061 адам хабарласып, 272 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 442 адам әлеуметтік жұмысқа жолданып, 576 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайыз көлемінде болып отыр.

Барлық жаңалықтар