- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің көрме орталығы ашылады
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің көрме орталығы ашылады
Өңір әкімдігінде хабарланғандай, Орталықтың тұсаукесері ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына 5 күн қалғанда ресми түрде өткізілді. Ашылу рәсіміне Иран, Жапония, Германия, Израиль, Египет және АҚШ мемлекеттерінің елшілері қатысты.
«Біз сіздердің мемлекеттеріңіздің облысымыздың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және бүгінгі кездесу бірлескен жұмысымыздың ары қарай жалғасуына септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді өз сөзінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко.
Оның айтуынша, аймақ басшысы Болат Бақауовтың идеясымен ашылған орталықта өңірдің дамуының перспективалы бағыттары, инвестициялық жобалардың каталогы, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат таныстырылады. Бизнес-делегациялардың қолайлығы үшін ЭКСПО-2017 көрмесі мен орталықтың арасында арнайы автобус жүретін болады. Сонымен қатар, инвесторлардың қалауы бойынша Павлодар облысына арнайы сапарлар ұйымдастырылады.
Өңірде жұмыс сапарымен болған Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата өзінің алған әсерлері туралы айтып берді.
«Мен өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал және шет елдермен байланыстарды дамытудағы мүмкіндіктермен танысып қайттым. Бұл орталық Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктерін танытуға зор үлес қосады деп ойлаймын", - деді елші.
Сонымен қатар, елші өз сапарынан кейін арнайы есеп жасап, оны Токиоға жібергенін айтты. Осы айда Қазақстанда жұмыс істейтін жапондық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, оларға Павлодар облысына инвестиция салудың тартымдылығы туралы айтып бермек.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді