- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен кездесті
ҚР Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен кездесті
Кездесуге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – С.Жасұзақов, Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі – Чан Ваньцюань, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі – С.Шойгу, Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі – М.Шерали, Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі – К.Бердиев, Қырғыз Республикасы Бас штабының бастығы – Р.Дуйшенбиев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимов қатысты.
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Астанада ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының кеңесін және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында басқосып отырғанының маңыздылығын атап өтті.
"Мәдени, аумақтық, тарихи тұрғыдан бір-біріне жақын мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы өзін айтулы өңірлік бірлестік ретінде көрсете білді", – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай хартиясы қабылданған сәттен бері 15 жыл өткеніне және осы уақыт аралығында бірлескен ауқымды жұмыс атқарылғанына назар аударды.
"Шанхай ынтамақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысында ірі екі ел – Үндістан мен Пәкістанды ұйым мүшелігіне қабылдау көзделген. Сол арқылы ШЫҰ жер шары тұрғындарының 40% -ға жуығын біріктіреді. Ең бастысы – барлық мәселелерді консенсус арқылы шешуге негізделген «шанхай рухын» сақтау", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ұйым қызметінің экономикалық мазмұнын нығайту қажеттігін атап өтті.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымының оң динамикасы қазіргі уақытта «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының дамуымен байланысты болып отыр. Бұл бағдарламаға ұйым мүшелерінің барлығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасына жақын көрші болып табылатын Қазақстан қолдау көрсетуде", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы қорғаныс ведомстволарының қызметі Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық интеграциясының бағытымен қатар жүруге тиіс екендігін атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары