- Басты
- Жаңалықтар
- Панфилов ауданында тамшылатып суару өнімділікті арттырды
Панфилов ауданында тамшылатып суару өнімділікті арттырды
Әкімдіктің мәліметі бойынша, Панфилов ауданындағы «Көктал Агро» ЖШС-да бұл орайда нәтижелі жұмыс бар. Ауданға жасаған сапары барысында серіктестіктің алқабында болған облыс басшысы мұнда 263 га жерге енгізілген тамшылатып суару жүйесінің қолданылып отырғанына куә болды.
«Көктал Агро» ЖШС директоры Жәнібек Оханов өткен жылы егістік алқабының 80 гектарына тамшылатып суару әдісі қолданған болса, биылғы жылы қосымша тағы 183 гектарға осы әдісті қолданып отырғандығын хабарлады. Осылайша біртіндеп 500 гектар алқапты осы әдіске көшіру жоспарының барын да атап өтті. Бұл істе израильдік құрылғылар пайдаланылады. Сондай-ақ келісім бойынша украиналық «Ирригатор Украина» компаниясының мамандары техникалық жағынан қолдау көрсетуде. Құрал-жабдықты сатып алуға қажетті субсидия мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы арқылы алынды», - деп хабарлады «Көктал Агро» ЖШС өкілі Жәнібек Оханов.
Айта кетерлік жайт, өткен жылы «Көктал Агро» ЖШС базасында оқыту-үйрету семинары өткен болатын.
Ж. Оханов атап өткендей, Тамшылап суғару технологиясын қолдану арқылы өнімділік көрсеткішін 3 есеге, ал суды үнемдеуді 6-7 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта кәсіпорын өсімдік шаруашылығы мен жүгері өңдеуші кәсіпорындарға шикізат жеткізу бағытына басымдық беруде.
Жалпы, ағымдағы жылы Алматы облысында ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқаптардың көлемін 161 мың гектарға жеткізу жоспары тұр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 157 мың гектарды құраған болатын. Сондай-ақ 15,2 мың га. алқапта суды үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда.
-
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады -
Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда -
Қордай ауданындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді -
Мәжілісмендер Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек қорына бір күндік жалақысын аударды -
Биыл Төле би ауданында 65 684 гектар жерге егін егіледі -
Ордабасы ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті -
Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды -
Төлеби ауданында 70 отбасыға көмек көрсетілді -
Зайсан ауданында короновирус індеті анықталды деген ақпарат жалған -
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды -
Сенаторлар Ақтоғай ауданындағы өндіріс нысандарын аралады