- Басты
- Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын таныстырды (ФОТО)
Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын таныстырды (ФОТО)

«Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтеді. Біз осы орайда павильонға не таңдайтынымыз туралы ойландық. Түркияның тақырыптық тұжырымдамасы: «Тұрақты энергетика жолындағы Ғаламдық өзара әрекеттестік» деп аталады. Экспозиция девизі «Түркия – Энергия орталығы» дүниежүзілік қоғамдастыққа Түркияның болашаққа сеніммен қарайтын бейбітшілік сүйгіш ел екенін паш етеді», - деді түрік павильонының комиссары, Түркияның экономика вице-министрі Фатих Метин.
Түркия павильонының аумағы 1000 шаршы метрді құрайды. Оның жанында Таиланд, Иордания және Әзербайжан павильондары орналасқан.
«Көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу – өте күрделі іс, бұны кез келген ел жүзеге асыра алмауы да мүмкін. Қазақстан ауқымды жұмыс жасады. Түркия Қазақстанға көрменің сәтті өткізуін тілейді. Бұл қазақстанның әлемде танылуы мен экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді», - деді Ф.Метин.
Логотип композициясының негізі дүниежүзілік энергия көзі – Күн болып табылады.
Таныстырылымның соңында түрік делегациясы қонақтарға арнап «Ауызашар» берді. Тұсаукесер қонақтары алдында «Челлистамбул» виолончельшілер квартеті өнер көрсетіп, түрік халқының «Сема» және «Ней» билері орындалды.
Айта кетейік, Түркия ЭКСПО көрмелеріне 34 рет қатысты. Ол – 1851 жылы Лондонда өткен алғашқы ЭКСПО-ға қатысқан ел. 2016 жылы Түркия тұңғыш рет өз елінде дүниежүзілік деңгейдегі аса ауқымды шара - «WorldBotanicEXPO-2016» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болды. «Балалар мен гүлдер» девизімен өткен бұл көрме осы саладағы жұртшылық қызығушылығына ерекше ие болған оқиға болып саналады. Төрт айдан сәл ғана астам уақыт ішінде көрмені 4,5 миллионнан астам адам тамашаған. Кейбір күндеоі көрмеге келушілер саны 70 мың адамнан асып кеткен.
Қайрат Жандыбаев
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды
-
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды
-
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО)
-
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)

