- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының таңдамалы еңбектер жинағы қытай тілінде жарық көрді
Елбасының таңдамалы еңбектер жинағы қытай тілінде жарық көрді
Кітапхананың мәліметінше, сиясы кеппеген басылымның мазмұны Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қолдауымен дайындалған. Оны Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы (Бейжің қ.) қытай тіліне тәржімалап, баспадан шығару жұмыстарын жүзеге асырды.
Тұсаукесер рәсімін ашқан Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Бақытжан Темірболат қос мемлекеттегі ғалымдардың бірлескен еңбегінің жемісі сезілгенін ерекше атап өтті.
«Саяси философияның негізін сипаттайтын Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы еңбектері жинағы қытайлық оқырмандардың асқан қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Бұл бағытта Қазақстанда қолданылған мемлекеттік басқарудың жекелеген элементтері туралы сөз қозғалмайды. Заманауи және табысты мемлекетті қалаған «Назарбаев моделі» феномені мойындалғаны туралы айтқан жөн. Өткен жылы Елбасы кітапханасы жарыққа шығарған Назарбаев моделі туралы еңбек және елімізді зерттеуде үлкен ғылыми әлеуеті бар Академия бірлесе мазмұнды жинақты басып шығарды», - деді ол.
Таныстырылымға Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті Ван Вэйгуан жинақтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Бұл кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті басқару тұжырымдамасы, болашаққа бағдары бойынша өте құнды құжаттар жинақталған. Оның арқасында Қазақстанның бүгінгі даму саясаты мен стратегиясын терең ұғынуға болады. Бұл кітаппен танысып, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ғана емес, данышпан, философ және Елбасы деген жоғары құрметке лайық және Қазақстан бірегей мемлекет екендігін түсінеміз. Қытай тілінде жарық көрген жинақ біздің халықтарымыз арасындағы достық пен өзара түсіністіктің тамырын нығайта түседі», - деді ол.
Жинақты аударуға атсалысқан Ресейді, Шығыс Еуропаны және Орталық Азияны зерттеу Институтының директоры Ли Юнцюань өзінің ойымен бөлісті: «Мен бұл кітапты оқыған кезде тәнті болдым. Посткеңестік кеңестікте – тәуелсіз мемлекетті құрған, ұлттық экономиканы және әлеуметтік саланы дамытқан Қазақстан ең табысты мемлекеттердің бірі. Бұл бағыттағы тәжірибенің теориялық ғана емес, практикалық маңыздылығы дамушы елдер үшін орасан. Жинақтың аудармасы ең жоғары деңгейде екендігіне сендіремін».
Жинақтың таныстырылымына еліміздегі ҚХР елшілігінің, Елбасы кітапханасының, ғылыми және мәдени қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Тұсаукесер шарасы барысында Елбасы кітапханасына қытай тілінде жарық көрген жинақтың алғашқы 50 данасы сыйға тартылады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аяқталуға жақын -
Зейнетақы жинағы: Кімдер, қандай мақсатта ала алады және шарттары қандай -
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: 30 кітап аударылды