- Басты
- Жаңалықтар
- Чехия Қазақстанмен сүт кооперативтерін оңтайлы енгізу тәжірибесімен бөліседі
Чехия Қазақстанмен сүт кооперативтерін оңтайлы енгізу тәжірибесімен бөліседі
АШМ хабарлағандай, АӨК-ті дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Жамбыл облысындағы «Жуалы Алатау» және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Түлкібас-Бәйтерек» ірі сүт кооперативтері базасында сүт кластерін өңдейтін «Алатау фермасы» пилоттық жобасын дайындау бойынша мәселелер талқыланды.
Чехия елі біздің елімізге жаңазеландтық Fonterra және даттық Arla сүт кооперативтерінің оңтайлы тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Бұл Қазақстан үшін сүт өндірісінің арзан бағаға сатып алу мен сүт өндірісін дамытудағы шешуші факторы болып табылады. Және бұл шикізатты өңдеуші мен өндіруші арасындағы келіспеушілік шешімі.
Айта кетейік, «Алатау фермасы» пилоттық жобасын тиімді іске асыру республика бойынша ұқсас жобалар сериясын құруға және 600 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде 2021 жылға қарай сүт көлемін 600 мың тоннаға дейін жеткізіп, қайта өңдеу жүктемелігін арттырып жетілдіреді.
Чехия Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің арасындағы сыртқы экономикадағы Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі болып табылады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Чехияның 2016 жылдағы тауар айналымы 252 млн. долларды құрады. (экспорт-66 млн, импорт-186 млн) Чехияның машина құрастыру технологиясының дамығанын ескере отырып, Қазақстан үшін инвестиция тартудың маңызы зор.
2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда чехиялық капиталдың үлесімен 186 бірлескен мекеме тіркелген.
-
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр -
Әлемдегі эпиджайғдай: Ұлыбритания төрт апталық локдаун енгізді, Чехия мен Францияда карантин шаралары күшейді