2017 жылы Щуче-Бурабай аймағын дамыту бойынша үш жоба жүзеге асырылады

6 Маусым, 2017 20:21
2017 жылы Щуче-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша жалпы сомасы 900 млн теңгеден асатын үш жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Ақмола облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Д. Сағитов аппарат жиналысында.

Д. Сағитовтың айтуынша, 2017 жылы Щуче-Бурабай курорттық  аймағын дамыту бойынша жалпы сомасы 900 млн теңгеден асатын үш жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалар Бурабай ауылының жолдарын қайта қалпына келтіруге және салуға, Щученсктегі Пролетарская, Сейфуллин, Зеленая, Октябрьская  көшелеріне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

«Астана қаласы маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспары  аясында 2017 жылы жалпы сомасы  2 647,9 млн теңгені құрайтын 8 шараны жүзеге асыру қарастырылған», - деп хабарлады спикер.

Сонымен, аталмыш қаржыға Ақмол ауылында ұзындығы 2,5  шақырым көше-жол желісін салу, Қосшы ауылында көше-жол желісінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау,  Қабанбай батыр ауылындағы 2,6 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, Целиноград ауданының Тайтөбе, Максимовка, Софиевка, Шұбар, Қызылсуат  ауылдарының көше-жол желісін күрделі жөндеуден өткізу көзделген.

«Сонымен қатар, Целиноград ауданының  Талапкер ауылында 4,5 млрд  теңгеге жалпы ұзындығы 14,3  шақырым көше-жол желісінің құрылысы  жобасы бойынша сметалық-құжатнама жасақталды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның мәліметі бойынша, бүгінде аталмыш жоба бойынша мердігер компанияны анықтайтын байқау соңына таяп қалды.

«Бүгінде облыс орталығында жолдарды жөнеу жұмыстары жалғасуда, Ғабдуллин көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары жақында басталады ж әне қазіргі таңда Ташенова көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, көше-жол желісіне ағымдағы жөнеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, келелі кеңесте Ақмола облысының аумағынан өтетін  «Орталық-Оңтүстік» және «Орталық-Шығыс» республикалық дәліз жобаларын жүргізу барысы туралы айтылды. 

Барлық жаңалықтар