- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әуежайында ЖІІБ-нің жаңа ғимараты ашылды
Астана әуежайында ЖІІБ-нің жаңа ғимараты ашылды
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Көліктегі ішкі істер департаментінің басшылары мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Ғимарат алдындағы саптық алаңда Ұлттық ұлан оркестрінің сүйемелдеуімен салтанатты шеру өткізілді. Бұдан соң жаңа ғимараттың Символикалық кілті ЖІІБ-нің басшылығына тапсырылды.
«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы нәтижесінде ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Бүгін, міне, көлік полициясы Астана әуежайында ЖІІБ-нің барлық қажеттіліктерге жауап бере алатын жаңа қызметтік баспанасына қол жеткізіп отыр»,– деп мәлімдеді ішкі істер министрі салтанатты шарада.
Қ.Қасымов өз сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу қарсаңында елорданың әуежайы мен вокзалдарына шетелдік қонақтар және еліміздің тұрғындары көптеп ағылатынын атап өтті. Сондықтан Астанаға келетін қонақтар өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін бар күштерін салатын көлік полициясына жүктелер жауапкершілік жүгі ауыр.
Атап өтер жай, Астана қаласының әуежайы тәулігіне 10 мыңнан астам жолдаушы қабылдайды, ал мерекелік күндері бұл көрсеткіш екі есеге көбейеді. Әуежайға күніне 160 жолаушы ұшағы ұшып-қонады. Соған байланысты еліміздің көлік полициясы құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айырықша көңіл бөледі.
Министр жаңа ғимаратты аралап, ішкі жабдықтарымен, сондай-ақ көлік полициясының қызмет атқаратын орындарымен танысып шықты. Содан соң Көліктегі ішкі істер департаменті және бөлімшелерінің жеке құрамы алдағы уақытта да азаматтардың құқығы мен мүдделерін лайықты қорғап, олардың көліктегі қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
Желілік ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету Іс-шаралары жоспары аясында салынды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды