- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында жыл басынан бері 25 кооператив құрылды
Қарағанды облысында жыл басынан бері 25 кооператив құрылды
«Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру бойынша шешімдер қабылданды. Барлық 9 ауыл аудандарында және 204 ауылдық округтерде кооперация негіздері және мемлекеттік қолдау туралы түсініктеме беретін жиналыстар өткізілді. Жыл басынан бері ет және сүт өнімдерін өндіретін 25 кооператив құрылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Сүт өндіретін 10 ауылшаруашылық кооперативі өнім өңдеу мекемелерімен келісімшарт жасасқан. Алдын ала есеп бойынша, ол жыл соңына қарай сүт зауыттарын 63-тен 70%-ға дейін жүктейді деп жоспарлануда.
«4 мың басқа шақталған 613 бордақылау алаңдары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 9 модульдік сүт қабылдау бекеттері құрылып, 12 модульді мал сою бекеттеріне ет жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Бір мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар өнім өндіру жұмысына жұмылдырылды. Ол мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға септігін тигізеді», - дейді Шағурашид Мамалинов.
Оның айтуынша бір кооперативке берілетін несиенің орташа есебі 60-65 млн. теңгені құрайды.
Облыс әкімінің орынбасары ауылшаруашылық кооперациялардың болашағы туралы әңгіме қозғады.
«2017 жылы Қаржылық қолдау қорымен біріге 58 ауылшаруашылық кооперативтерін құрамыз. Ал Аграрлық несиелік корпорациямен бірге 30 кооператив құруды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне 3200 қозы экспорттаған «Жеңіс» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығы негізінде экспортқа бағытталған қой шаруашылығы кооперативін құру туралы мәселе шешілуде. Биылғы жылы кәсіпорын одан да көп көлемге келісімшарт жасады. Сонымен қатар жинақталған жылқы сүтін жасайтын жабдықтары бар «Евразия Инвест» ЖШС-не сауылған жылқы сүтін жеткізетін жылқы шаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Баяндамашының мәліметінше аймағымызда мал шаруаларына көрсетілетін мемлекеттік көмек ұлғайған.
«Егер осыған дейін сиыр еті бойынша 4 шаруа қожалығы ғана субсидия алса, қазір ондай мүмкіндік 50 қожалықта бар. Сүт бойынша субсидия алатындар 36-дан 70 шаруа қожалығына дейін өскен. Ал қой етіне келер болсақ, бұл көрсеткіш 56-ден 80-ге дейін өсті», - дейді облыс әкімінің орынбасары.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді