Астанада шетелдік туристерге арналған қазақ сөздігі шығарылды

6 Маусым, 2017 17:16
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ЭКСПО-2017 аясында шетелдік туристерге арналған мультилингвалды көрнекі қазақ сөздігін шығарды, ол бес тілде жарық көреді: қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз.

ЖОО филологтары мен шетелдік консультанттардың еңбегі  ерен: әрбір сөз халықаралық транскрипциямен бекітілген, деп хабарлады  Elorda.info.

200 лексикалық бірлікті құрайтын  мәдени материалды жинақтаудың  мақсаты оның классификациясы  мен аудармасы  қазақтың мәдени-тарихи ерекшеліктерін жеткізу еді.

Хабарламада көрсетілгендей,  аталмыш лексикографиялық   сөздікті құрудағы  негізгі міндет  қазақ тұрмысының қайталанбас ерекшеліктері мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, киім-кешегін  бір мезетте бірқатар әлем елдерінде түсіндіру.

Аударма  тәжірибесі мен оқытуда  қолдануға бағытталған, сондай-ақ, туристік салада ақпараттық көз ретінде  қолдануға болады.

Аталмыш анықтамалықта сақталған мәліметтер  қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне қызығушылардың барлығына пайдалы бола алады. 

Барлық жаңалықтар