- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеті Дипломатия туралы заңға енген өзгерістерді қарады
Сенат комитеті Дипломатия туралы заңға енген өзгерістерді қарады
Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының жұмысын жетілдіру болып табылады. Заң жобасы дипломатиялық қызмет органдарының жұмысын ұйымдастыру бөлігіне түзетулер енгізуді көздейді.
Мәселен, Қазақстан Республикасында орналасатын Төтенше және Өкілетті Елші лауазымы бекітіледі, бұл шет мемлекетте жеке шет елдік мекемені ашпай және бюджет қаражатын үнемдей отырып, дипломатиялық қатынастардың жоғары деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің елімізде дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, жеке мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін тіркеу тәртібін бекіту құзыреті де көзделеді.
Шет елдердегі мекемелердің басшылары ретінде жұмысқа жіберілетін адамдардың шетелде үздіксіз болу мерзімдері белгіленеді. Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкілеттіктері айқындалады.
Сондай-ақ комитетте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Құжат 2014 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары Мемлекетаралық кеңесі отырысындағы мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Келісімге сәйкес Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциялану процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғыз тарапына 100 млн. АҚШ долларына балама көмек көрсетеді.
Көмек Қырғыз тарапына Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі «Жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қырғыз учаскесіндегі кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғыз Республикасының санитария, ветеринария, фитосанитария жүйелерін Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкес келтіруге беріледі.
Бұл ретте, көмек Үкіметаралық жекелеген хаттамаларға сәйкес кезең-кезеңмен ақшалай қаражат, оқыту бойынша көрсетілетін қызмет, тауарлар түрінде берілетін болады. Ұсынылатын көмектің орынды және тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесі аясында екіжақты бірлескен Тексеру комиссиясы құрылады. Құжат Палата қарауына жіберілді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді