- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету - 2014-жылы да Мәжіліс жұмысының басым бағыты болмақ
Н.Нығматулин: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету - 2014-жылы да Мәжіліс жұмысының басым бағыты болмақ
Өткен 2013 - жылдың жұмысына қорытынды жасай келіп, Мәжіліс Төрағасы алдағы 2014 - жылы да Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз етуге баса назар аударылатындығын атап өтті.
Санды мәліметтерге жүгінсек, 5 – шақырылымның үшінші сессиясы барысында 16 жалпы отырыс өтті, онда 36 заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жіберілді.
Оның 18-і Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттарды және келісімдерді ратификациялауға қатысты.
Үшінші сессия басталған төрт ай ішінде 19 заңға Елбасының қолы қойылды.
Жалпы айтатын болсақ, осы шақырылым жұмысын бастаған 2012 - жылдың қаңтар айынан бері, Мәжіліс депутаттары 170 заң жобасын мақұлдады, оның 153-не Президенттің қолы қойылып, өз күшіне енді.
Халық қалаулыларының әсіресе, заңнамалық бастамалар бойынша айрықша белсенділігінің арқасында осы жылы депутаттардың өздері әзірлеген құжаттар саны арта түсті.
Мәселен мәжілісмендер, 21 заң жобасына бастамашы болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық көрсеткіш.
Нұрлан Нығматулин әріптестерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысты ауқымды заңдық жұмыстарды қолға алу міндеті тұрғанын тілге тиек етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары