- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде заңнамаға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер қаралды
Сенат комитетінде заңнамаға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер қаралды
Құжатта еліміздің он бір заңына түзетулер енгізіледі. Енгізілетін өзгерістер ішінде зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мәселелерін реттейтін ережелер бар. Жобаға сәйкес, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдері және бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшерлері 20 пайызға өседі.
Жасы бойынша зейнетақы тағайындауда қажет табыстың ең жоғары мөлшері 41-ден 46 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Жұмыс берушіге 5 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарын енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылады.
Заң жобасы мүгедек балалардың ата-аналарына төленетін жәрдемақыны тағайындау процесін оңтайландыруды көздейді. Атап айтқанда, енді мүгедектікті бастапқы белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде бірмезгілде осындай жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бере алады.
Сондай-ақ, заң жобасына бірмезгілде жасы бойынша алатын зейнетақы және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға таңдау мүмкіндігін нақтылайтын ережелер енгізіледі. Қызметін доғарған, өмір бойы қамтамасыз етілген судьяларға еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалмайды. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары