- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ЭКСПО туралы: Біз көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық
Н.Назарбаев ЭКСПО туралы: Біз көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық
Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Бас прокурор Ж.Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы А.Күреңбеков, Қорғаныс министрі С.Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш қатысты.
Басқосуда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
«Біз көңіл толқытарлық сәтке – көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл – біз күткендегіден әлдеқайда көп», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.
Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері