- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар жалғасуда
Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар жалғасуда
Бүгінгі күні тактикалық-саптық сабақтар рота (батарея, буын), батальон (дивизион, эскадрилья, 3-дәрежелі корабльдер) құрамында, бригадаларда, полктерде, базаларда, өңірлік қолбасшылықтарда, әскер тектерінде, Қарулы Күштер түрлерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша жалғасуда.
Әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде функционалдық міндеттерді орындау, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, бөлімше штабтары және толымдаушы жергілікті әскери басқару органдарымен, аумақтық қорғаныс бөлімдері мен бөлімшелерінің басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасаубойынша сабақтар өткізілуде.
Сондай-ақ тактикалық-саптық сабақтар барысында зымырандарды, оқ-дәрілер мен материалдық-техникалық құралдарды тиеу, авиациялық техниканы қабылдау үшін шоғырландыру және авиациялық комендатуралар аудандарына шығуға корабльдерді дайындау жөнінде жаттықтырулар ұйымдастырылды.
Бөлімшелердің роталық лектерді қалыптастыру аудандарына шығуы және жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі жүзеге асырылуда. Барлық басқару органдарында топтамаларды жасақтау мен әскерлерді қаржылай қамтамасыз ету бойынша жан-жақты қамтамасыз ету, резервтерді дайындау жөнінде бірлескен штабтық жаттығулар өткізілуде.
Басқарудың барлық буындарында «батальон – бригада – өңірлік қолбасшылықтар – әскер тектері – Қарулы Күштердің түрлері» буынында радиожаттығулар өткізілуде. Өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектерінің, түрлер бас қолбасшыларының басқармасында жедел тапсырмаға сәйкес шешім әзірлеу жөнінде бірлескен штабтық жаттығулар өткізілді.
Барлығы ҚР Қарулы Күштеріндегі жазғы оқыту кезеңінде жедел даярлық бойынша, оның ішінде, халықаралық сипаттағы 60-тан аса іс-шара жоспарланған.Жазғы оқыту кезеңі барысында ҚР ҚК әскери бөлімдері мен құрамаларының әскерлері мен жеке құрамының жауынгерлік даярлық деңгейін сапалы тұрғыда арттыру басымдық бағытқа айналады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады