- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әуежайының жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады
Астана әуежайының жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ хабарлағандай, бұл күні жаңа терминал Airbus- 320 ұшағымен Мәскеуге ұшқан жолаушыларға қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, бүгін халықаралық бағдарларға Ташкентке («Өзбек әуежолы») мен Франкфуртке («Lufthansa») ұшақтар жіберу жоспарланып отыр.
«Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай арқылы жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуды бастадық»,- дейді Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.
П. Ричиоттидің айтуынша, «команда қысқа мерзімде жобаны табысты жүзеге асырды». Оның айтуынша, «Астана әуежайын дамыту жобасы әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын басты байланыс желісі – Орта Азия өңірінің аймақтық хабы» болып табылады.
Атап өтерлігі, Астана халықаралық әуежайдың жаңа терминалы Мемлекет басшысының қатысуымен биылғы жылы 31 мамырда ашылды.
Замануи үлгідегі жолаушылар терминалының құрылысы 2014 жылғы қарашада басталып, 2017 жылы мамырда аяқталды. Жаңа терминалдың аумағы 47000 шаршы метр, жылына 8,2 миллион жолаушыны өткізеді. Жаңа терминал ескі әуежайдың өткізу қабілетін 2,5 есеге арттырды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру