- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда студенттерге арналған шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды (ФОТО)
Таразда студенттерге арналған шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылды (ФОТО)
Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен студенттерінің өнер туындылары қойылған.
Көрменің мақсаты – көпшіліктің қолданбалы өнер мен кескіндеме жанрына көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру, жергілікті қөлөнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу және ұлттық мәдени мұрамызды насихаттау.

«Тәуелсіздігімізді алғалы бері басты төл жәдігерлеріміз болып саналатын ұлттық киімдеріміз бен қолөнерімізді дәріптеуге айрықша көңіл бөліне бастады. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, аймақтарда осы саланы дамытуға айрықша назар аударылып, өнерлерімен танылған шеберлеріміздің қарасы артты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бабадан балаға мұра болып келе жатқан мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа жеткізуді һәм таныстыруды міндеттеді», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.
Көрмеге институттың Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің 50-ден астам қолданбалы өнер, кескіндеме жанрындағы туындылары және ұлттық нақыштағы киім үлгілері қойылған.

Атап айтқанда, А. Назарованың «Скакун – вольная душа казахской степи», А. Хамиттың «Ер-тоқым», Г. Ашықбайдың «Домбырашы қыз», Ж. Базарбектің «Махаббат», Е. Бошқұлдың «Қасқыр терісі», Қ. Нұрбайқызының «Айша бибі», А. Нейфельдтің «Бала бесік» атты туындылары төл тарихымыздың терең қойнауынан сыр шертеді. Ал, А. Аманжолдың «Шебер қолы», М. Әлжановтың «Халық өнер тамыры», Ж. Тұрмаханованың «Бәйтерек тарихы», Ш. Жұмалиеваның «Астана жолы», «Тәуелсіздікке 25 жыл», Г. Нұрпаштың «Ертегі әлемі», Ж. Қилыбаеваның «Көктем көңілі», А. Фиешканың «Нежность» тақырыбындағы шығармаларында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен толайым табыстары көркем бейнеленген.

Сондай-ақ, ұлттық музыкалық аспаптар, «Көктем гүлі», «Кербез сұлу», «Томирис», «Ханшайым» сәнді киім коллекциялары мен күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылған ұлттық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.


Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары екі апта бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады