- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізеді
Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізеді
ҚР ҚАӨМ хабарлағандай, осы жылдың мамыр айының соңында Бангалор қаласында (Үндістан) ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мәлік Олжабековтың бастаған ҚР ҚАӨМ Қазғарыш делегациясының кездесуі өтті.
Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының («ISRO») басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар 2009 жылы қол қойылған ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар өздерінің ғарыш бағдарламаларын ұсынды және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту аясында ынтымақтастықтың сондай бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды: ғарыштық байланыс жүйелері; зымыран-тасығыштар және ғарыш зымыран кешендері; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелері; шағын спутниктерді әзірлеу; ғарыш техникасы компоненттерін әзірлеу.
Сондай-ақ, Бангалор қаласында қазақстандық делегация «ISRO» Спутниктерді интеграциялау және тестілеу ұйымына және «ISRO» Телеметрия, бақылау және басқару станциялап желісіне барды және қызметімен танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастық жобаларды егжей-тегжейлі пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды