- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Доминикан Республикасы энергетика саласындағы ынтымақтасады
Қазақстан мен Доминикан Республикасы энергетика саласындағы ынтымақтасады
Кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі М.Варгасқа таяу арада EXPO-2017 шеңберінде өткізілетін энергетика министрлерінің бірінші конференциясы және Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум туралы айтып өтті.
Конфренция және Форум жұмысына 78 елдің өкілдері, сондай-ақ 20 елдің министрлері қатысады деп күтілуде.
«11-17 маусым аралығында Астанада Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін іске асыру бойынша пікір алмасу орнайды деп күтудеміз. Сонымен қатар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ-ның 70-ші сессиясында атап өткен бастамасын іске асыру мақсатында 11 маусымда Астанада Жасыл технологияларды дамыту бойынша халықаралық орталықтың және БҰҰ аясында инвестициялық жобалардың ашылуы жөнінде жарияланады», - деп атап өтті энергетика министрі Қ. Бозымбаев.
Өз тарапынан Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі М.Варгас әлемдік қауымдастық үшін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өткізілуінің маңыздылығын, ал энергетика және «жасыл экономика» саласындағы жетістіктермен алмасу барлық қатысушы елдер үшін энергияны үнемді және тиімді пайдаланатын технологияларды дамыту тұжырымдамасын қалыптастыру бағалы тәжірибе болады деп айтып өтті.
Кездесу барысында тараптар Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес тараптар көмірсутектерді барлаудағы, өндірудегі, тасымалдаудағы, қайта өңдеудегі, сақтаудағы, бөлісудегі және коммерциялаудағы бірдескен жобаларды зерделеуге, әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ энергетикалық сектордағы мемлекттік саясатты бұдан әрі дамыту үшін тиімді байланыстарды құруға келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды