- Басты
- Жаңалықтар
- «Бастау» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1,2 млрд теңге бөлінді
«Бастау» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 1,2 млрд теңге бөлінді
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыт бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті.
«Соңғы кезде біз құқық қорғау және жергілікті органдар тарапынан шағын және орта бизнесті қолдауға арналған көптеген маңызды шешімдер қабылдадық. Мұның ішінде шағын несие беру мәселесі де, жұртты бизнеске үйрету мәселесі де бар», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтардағы іс-қимылымен, оның ішінде жұртшылыққа бизнес жүргізу негіздерін үйрету саласындағы жұмыстарымен танысты.
«Біз өткен жылы «Бастау» бағдарламасын бастадық. Бұл – 30 күн ішінде алдын-ала іріктеу өткізіп, жұртқа бизнестің әліппесін ұғынуға мүмкіндік беретін айлық оқу курсы. Әкімдіктермен бірлесіп, шағын қаржы ұйымдарын құрып, бітірушілерді қаржыландырдық. Біз бұл бағдарламаны Үкіметке ұсындық және қолдауға ие болдық. Биылғы жылы 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бағдарлама аясында еліміздің 80 ауданында жұмыс жүргізіп, 15 мың адамды оқытатын боламыз», – деді Т.Құлыбаев.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді