- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
5 Маусым, 2017 18:06
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Еуропа және ТМД елдері жөніндегі Даму бағдарламасы аймақтық бюросының директоры, БҰҰ-ның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Бас комиссары Джихан Султаноглуды қабылдады.
Сенатта хабарлағандай, Қ. Тоқаев алдағы халықаралық көрмеге БҰҰ-ның мүдделілік тұрғысында назар аударып отырғанын жоғары бағалады. Сенат Төрағасы «Көрменің 9 маусымдағы ашылуына БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің қатысуы мен 13 маусымда БҰҰ күнінің ұйымдастырылуы БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған күн тәртібіне халықаралық қоғамдастықтың баса назар аударып отырғанын көрсетеді», - деді және «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі БҰҰ күніне өзі де қатысатынын айтты.
Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы ЭКСПО базасында Жасыл технология мен инвестиция орталығын құру жөніндегі Қазақстан Президентінің бастамасын дәйекті түрде қолдап келе жатқаны үшін БҰҰ Даму бағдарламасына алғыс айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді