- Басты
- Жаңалықтар
- Журналистерге Президент сыйлығы мен гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті
Журналистерге Президент сыйлығы мен гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті
«Журналистер күні қарсаңында біз жыл сайын ақпарат саласындағы үздіктерді анықтаймыз. Президент сыйлығын беру, гранттарын табыс ету және алғыс хаттарын жариялау – бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері асыға күтетін іс-шара», - деді мемлекеттік хатшы.
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары алғаш рет 1997 жылы берілген болатын.
«Біз Президент Әкімшілігіне ұсынылған өтінімдерді талқылаймыз, сіздердің пікірлеріңізді тыңдап, ең лайықты үміткерлерді анықтайтын боламыз. Жалпы, Ереже бойынша 2 сыйлық және 2 грант, сондай-ақ ҚР Президентінің бірнеше алғыс хаты ұсынылады. Барлығы 9 млн теңгеден астам қаражат бөлінген», - деп қосты Г. Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бүгінгі таңда кәсіптік шеберлік деңгейі өсіп келеді және сапалы медиаөнімдердің көбірек пайда болуына ықпал ететін жаңа креативті тәсілдер мен шешімдер енгізіліп жатыр.
«Биылғы кездесу институционалдық реформалардың тереңдеуінің жауапты кезеңінде өтуде. Елбасы қойған әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттер отандық БАҚ-тың жоғары талап етілуі мен ерекше рөліне себепші болады. Бүгінгі таңдағы белсенді ақпараттық сүйемелдеу Қазақстандағы реформалар бағдарын және мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, жаһандандыру және алдағы цифрлық дәуір жағдайларында БАҚ-тың жеделдігі мен ұтқырлығына қойылатын талаптар түбегейлі арта түсті», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы отандық журналистердің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі атқаратын жұмысы жайында да айтып өтті.
«Алда ЭКСПО-2017 көрмесі өткелі тұрғанын білесіздер, мұнда БАҚ өкілдері үлкен рөл атқарады, олар іс-шара туралы ақпарат беріп, жалпы еліміз бен Астанамыздың имиджін көрсетеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани даму, мәдени мұраның сақталуын зерттеу саласындағы нақты бағдарлар айқындалған. Осы түпмәтінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы күшеюде», - деп түйіндеді Г. Әбдіқалықова.
Ақбота Күзекбай
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері