• Главная
  • ЭКСПО-2017: ішкі дайындық (ФОТОРЕПОРТАЖ)
5 июня, 2017 15:52

ЭКСПО-2017: ішкі дайындық (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өткен демалыс күндері Астанада ЭКСПО-2017 қорытынды дайындығын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, павильонның дайындығы 95-97%-ды құрап отыр. Дайындықта көрменің барлық алаңдары қолданылды, 11 павильон жұмыс істеді.
ЭКСПО-2017: ішкі дайындық  (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ресми ашылуға дейін бір жұма бұрын көрмені алғаш болып көрме қызметкерлері, мердігерлер мен серіктес  ұжымдар, демеушілер және БАҚ өкілдері тамашалады. 

ЭКСПО алаңында өзге әлемнің өкілі ретінде сезінесің, себебі инновация мен бірегей сәулеттің орны бөлек. Әр мемлекет  өз павильонын қайталанбас дизайнда, ерекшеліктерімен толықтырған.  Павильонның іші қанық түстерге көмкерілген заманауи инновациялық технологияларға үйлестірілген.

Қатысушылар  өздерінің интерактивтік павильондарындағы  «жасыл» технологияларды қолданудағы инновацияларын таныстырды.

 

Бірінші болып өз павильондарын жапондықтар таныстырды. Жапония павильонының  тақырыбы Smart Mix with Technology. Жапондық тарап  қоғамға  3E+S терминін таныстыруға мүдделі. Формуланың мағынасы: энергетикалық қауіпсіздікті  қамту үшін барынша күш жұмсау(Energy Security)  , барынша арзан энергияға  қол жеткізу (Economic Efficiency), сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау (Environment),  қауіпсіздікті толығымен  қамтамасыз ету (Safety). Оған қоса, әр түрлі жапондық ойындар ойнау мен  3D саяхаттау ұсынылған.

Финляндия павильоны толық ағаштан тұрады. Сектордың дизайны компьютерлік бағдарламалар көмегімен әзірленді.  Келушілер төрт негізгі залды тамашалай алады.  Біріншісі – «Таза энергия», онда  энергияның таза тұрақты әдістері туралы айтылады. Екінші зал «Энергияны қолданудың тиімді қайталануы» - smart –нысан. Онда келушілер энергияны ақылмен қалай қолдануға болатындығын көрсетеді, яғни энергияны бір жерден екінші жерге көшіру. Үшінші нысан «Таза су» бұл жерде финдіктер елдерінде краннан аққан су сатылатын құтылардан неге таза екендігін түсіндіреді.

Тайлықтар өз павильондарын үш залға бөлген. Олардың тақырыбы: «Барлығына арналған биоэнергетика». Біріншіде  Таиландтың тарихы мен өмірі туралы суреттер бар, екіншіде 3D-кинотеатр орналасқан,  онда робот  болашақтың энергиясы  туралы биоресурстар негізінде түсіндіріп береді. Үшінші залда қонақтар энергия дайындауда лаборатория мүшелері  бола алады, яғни биомассия мен биоэнергиядан энергия алу үрдісіне қатыса алады.

Малайзия павильоны  келушілерді джунглияға апарады, бірінші қадамнан  бастап табиғи ландшафтқа  құстардың әні мен судың гүрлілі ала жөнеледі. Павильон қызметкерлері  өздерінің  жұмыстарын таныстырғанда, олардың энергия үнемдегіш  шамдары қуат көп болған кезде екі есе энергияны аз жейтінін айтты.

 

Швейцария павильонында швейцарлықтардың  жетістіктері мен  соңғы инновациялары таныстырылған. Оны жасақтау үшін 4,3 млн швейцарлық франк жұмсалған.  Ол  560 шаршы метрлік алаңды алып жатыр. Павильонға келушілер елдің ең маңызды әрі кейін шығарған жетістігі – күн энергиясы  бойынша жұмыс істейтін ұшақты көре алады. Әзірлеушілердің айтуынша, аталмыш транспорт велосипед сияқты жылдам іске қосылады. Егер аккумулятор толық болса  электр көлігі  80 километрді жүре алады. Қатысушылар  ұлттық астың  қалай дайындалғанын көрсетеді. 

Қытайлар өз павильонымен таң қалдырды. Олардың алаңы 1 мың шаршы метрді құрап отыр. Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы, жасыл Жібек жол», онда үш мағыналық сюжет көрсетіледі: қытайлық энергетика дамуының  өткені, бүгіні және болашағы. Павильонды  әрлендіруде 3D-технологиялар қолданылған. 

Павильондардан бөлек «сала» да қызығушылық танытты, алайда ұйымдастырушылар хабарлағандай, ол тек көрменің ашылуы кезінде ғана  көрсетіледі. 

Айта кетерлігі, ұлттық компания өкілдері  хабарлағандай, әр павильон  30-17 адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде Қазақстанда  ЭКСПО-ға қатысып жатқан  89 комиссар, өзге елдің   160 комиссары бар.

Қайрат Жандыбаев

Фото:автор